Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО әкімдігінде жыл басында қойылған міндеттердің орындалу барысы талқыланды

ШҚО әкімдігінде жыл басында қойылған міндеттердің орындалу барысы талқыланды

Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан әкімдігінде кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Онда облыстық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің аралық жұмысы қорытындыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Президент тапсырмалары мен тұрғындар өтініштері негізінде айқындалған міндеттердің қалай орындалып жатқанын тыңдады.

Әр басқарма өз саласы бойынша есеп берді:

  1. Аграрлық секторға инвестиция тарту;
  2. Экономиканың қай бағыттары дамып келеді;
  3. Азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс істеу.

ШҚО әкімдігінде жыл басында қойылған міндеттердің орындалу барысы талқыланды

Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жиналыста тұрғындардың белсенділігі артып келе жатқаны атап өтілді. Дегенмен бірқатар ведомствоға халықтан келіп түсетін өтініштермен жұмыс қарқынын арттыру міндеті қойылды.

ШҚО әкімі өзінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға өнеркәсіп бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп, саланың ортақ даму индикаторларын қалыптастыруды күшейту қажеттігін айтты.

ШҚО әкімдігінде жыл басында қойылған міндеттердің орындалу барысы талқыландыФото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жиында туризмді дамыту жайы да сөз етілді. 

“Туристік жоспар ұзақ баяндама күйінде жасалған. Бізге нақты нәтиже беретін, қысқа әрі түсінікті басқарушылық құжат қажет”, – деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов бірінші орынбасар ұсынған туристік жоспарға қатысты.

Кеңес соңында облыс әкімі барлық басқарма басшыларына жыл соңына дейін жұмысты күшейтіп, әр тапсырманың уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 01 Желтоқсан, 2025 13:00