Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шырылдаған шыбын жаным-ай": Дариға Бадықова желіде жан сырын ақтарды

Танымал актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова желіде жан сырын ақтарып, халыққа рақмет айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Өнер иесі жаңа туындысының кассасын жариялап, қолдаған көрерменге ризашылығын білдірді. 

“1млрд құтты болсын! Хайп десеңіз де, хейт десеңіз де қалыспайық деп шырылдаған шыбын жаным-ай! Құдай млрд нәсіп етті, шүкір!
Ниетім Аллаға аян. “Таптым-ау сені-2” жарыққа шыққаннан бастап күшті кино, көріңіздерші деп жария салғаным бекер емес. Бұл туындыда жарғақ құлағымыз жастыққа тимей еткен еңбегіміз, махаббатымыз, сарп еткен уақытымыз бар.  
Көрген көзден әдемі жылы пікірлер ақтарылып жатыр. Расында ой салар тұсы көп, диалогтар әлсіз емес. Бір-бірімізге жанашыр, дос болайық, балақтан тартпайық, біреудің маңдай терін құнсыздандырмайықшы. Қазақ қашан да өзін өнерімен, спортпен дәлелдеп келеді. Шын өнерлі ұрпақ болайық”, – деп жазды актриса.



Еске салайық, Дариға Бадықова "Моанаға" баратын қазақтарға ренжіген еді. 

“Ана мультфильмге" барып "позор" болып отырмайық. Бөтен елге ақшаны жіберіп, оларды байытуды қойғанымыз дұрыс. Ашығын айтамын. 27 қарашада “Моанаға” барған қазақтар болды. Бірақ оларды сөкпеймін. Тек қандай қазақ екенін түсінбеймін. Сондықтан байыса қазақ байысын. Ештеңе жоқ”, – деген еді киножұлдыз. 

Талқылау