Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Асханада шыбындар ұшып жүрді": Түркістан облысында интернат тәрбиеленушілеріне шіріген тамақтар берілген (видео)

Құзырлы органдар тарапынан мектеп-интернат оқушыларының тамақтануында өрескел бұзушылықтар анықталды. Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-интернатына тексеру келіп, мектеп асханасының ас мәзірінде көрсетілген тағамдардың саны жоқ болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан скринделген

Айта кетсек, видео 25 қыркүйекте түсірілген. Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері тексеріп барған.

Сарапшылар балаларға ұсынылатын тағамдарды күніне жарияланған мәзірге сәйкес көрсетіп, әр пункт бойынша өтіп, тағамдардың шын мәнінде қандай екенін қарады.

Видеоның басында жиналған шіріген алмалардың толық қорабын көруге болады. Асхана қызметкерлері олардың сыртқа шығарып тастау үшін тұрғанын айтып, өздерін ақтауға тырысқан. Бірақ бұзылған өнімдердің жарамды тағамдармен бірге неге сақталғанын түсіндіре алмады. Айтуларынша, олар қорапты шығарып тастауға ұмытып кеткен.

Содан кейін инспектор мәзірді қарап шықты. Оның пікірінше, түскі асқа арналған сорпа тым майлы болған, ал интернатта балаларға арналған тағам диеталық болуы керек. Майдың көп болуы ас қорытуға ықпал етеді. Ал күрделі "нан палау" деп аталатын тағам кәдімгі макарон болып шықты. Сондай-ақ инспектор ас мәзірінде тұрған картоп пюресі, шұжық пен балықты таппады. Ал асхана қызметкерлері тамақтардың қайда екенін түсіндіре алмады. 

Бір қызығы, видеода осы мектеп-интернаттағы тамаққа тендерді ұтып алған аудитор мен кәсіпкердің арасындағы әңгіме айтылды. Телефонмен сөйлескен кәсіпкер инспекторлардың кешкі сағат 18:00-ден кейін не істеп жатқанына ашуланып, олардың бұл жерде болуға құқығы жоқ екенін алға тартты.

Соңында аудитор келесі күні таңғы асқа ұсынылуға тиіс піскен жұмыртқаларды көрсетті. Жұмыртқаларды асханада алдын ала қайнатып, дұрыс емес жерде сақтаған болып шықты. Осылайша шіріген жұмыртқа таңғы асқа ұсынылған екен. Сонымен қатар алмалар да жеуге жарамсыз.

Сонымен қатар асханада шыбындардың ұшып жүргені санитарлық-гигиеналық жағдайдың дұрыс емес екенін көрсетеді.



Еске салайық, Алматыда олимпиадалық резерв мектеп-интернатының аспаздары оларды тамақ ұрлады деп айыптағанға наразы. Олар ұрлыққа асхана меңгерушісінің қатысы бар екенін айтады. Ол аспаздарға үндемесін деп артық тамақты алып кетуге рұқсат беріпті. Ашынған әйелдер ұрлыққа асхана меңгерушісі кінәлі деп отыр. Айтуларынша, басшы азық-түлікті көлікпен алып кетуді әдет қылған. Үндемесін деп ол қарамағындағыларға тамақ пен көкөніс қалдықтарын алуға рұқсат берген.

Талқылау