"Шындықтан қашқандардың әдеті": Хасан Қасымбаев блогер Жан Ахмадиевтің үстінен арыз жазған
Фото: Stan.kz
Адам ұрлау, ауыр дене жарақатын әдейі келтіру және бопсалау қылмыстары бойынша 12 жылға сотталған Хасан Қасымбаев блогер Жан Ахмадиевтің үстінен арыз жазған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Оның сөзінше, арыз жазу шындықтан қашқандардың әдеті.
“Хасан Қасымбаев менің үстімнен арыз жазыпты. Мен таңғалып тұрған жоқпын, себебі әділеттен қашқан адамның бірінші қадамы – шындықты айтқан адамды жау ету. Мен тек фактілерді айттым. Тергеуде көтерілген деректерді, жіберленушілердің сөзін, ресми құжаттарды жеткіздім. Бұл журналист ретінде менің міндетім. Егер біреудің арызы мені тоқтатады деп ойласа, қатты қателеседі. Мен ешкімді қаралаған жоқпын. Бар айтқаным, қоғамға белгілі болған ақпарат. Ал егер біреулерге шындық ұнамай жатса, ол менің емес, шындықтан қашқандардың проблемасы. Мен заң алдында да, қоғам алдында да өз сөзім үшін жауап беруге дайынмын. Сұрақ: Хасан да өз жасаған істері үшін жауап беруге дайын ба?” – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Хутор" басшысы делінген Хасан Қасымбаев 12 жылға сотталғаны хабарланған еді. Дегенмен Хасанның қорғаушылары оның кінәсіз екенін айтып, шешімді апелляцияға беретінін жеткізді.
Сондай-ақ блогер Жан Ахмадиев атышулы Олжас Байділдиновті жекпе-жекке шақырды.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр