Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: gov.kz
Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты Samruk-Kazyna Construction АҚ-ның баспасөз қызметі растады. Компания өкілдерінің мәліметінше, Ғабидолла Әбдірахымов компаниядағы жұмысына 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап кіріскен.
Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 70 мың доллар алдым деген әншіге жауап берді
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ғабидолла Әбдірахымов экономика және басқару саласында білім алған, соның ішінде “Болашақ” бағдарламасы бойынша мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие. Ол мемлекеттік қызметте, президент әкімшілігінде және Қазақстан үкіметінде жауапты қызметтер атқарған. Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімі, мәдениет және спорт вице-министрі лауазымдарында еңбек еткен. Бірқатар мемлекеттік наградалармен марапатталған.
“Ғабидолла Әбдірахымов “Samruk-Kazyna Construction” АҚ басқарма мүшесі емес”, – деп мәлімдеді қордың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Ғабидолла Әбдірахымов 2015–2017 жылдары және 2018–2019 жылдары Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарған.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді