Шымкенттік жүргізушілер жолдағы ақаудың кесірінен апатқа түсе жаздады (видео)
Фото: Видеодан скрин
Шымкент-Тараз бағытындағы жол көтеріліп, апаттық жағдай тудырған. Желідегі видео авторы ақаудың кесірінен апат бола жаздағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жүргізуші қол қозғалысы қатысушыларын мұқият болуға шақырды.
“Шымкенттен Таразға баратын жол көтеріліп кетіпті. Құдай сақтап қалды, жабысып қала жаздадық”, – дейді видео авторы.
Жолдағы ақауға қатысты “ҚазАвтоЖол” түсініктеме беріп, Түркістан облысында "Шымкент-Тараз" бағытындағы апаттық жағдайдың жойылғанын мәлімдеді.
“Түркістан облыстық филиал мамандары мониторингтік жұмыстар барысында "РФ шекарасы (Жайсан ө\п) – Мәртөк – Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен) – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент (солтүстік айналма жолымен) – Тараз (айналма жолымен) – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы (Нұр Жолы ө/п)" республикалық автожолының 635+500 шақырым аралығында (Шымкент-Тараз бағыты) цементбетон жамылғысының көтерілгенін анықтады. Жол қызметінің мамандары жол жабынын қалыпқа келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылдап, қысқа уақыттың ішінде барлық ақауды жойды. Аталмыш шараға 3 бірлік арнайы техника мен 4 маман жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.
Компания жол жамылғысының көтеріліп кетуін Түркістан облысында соңғы күндері күннің ыстық болуымен байланыстырды.

"Кесар тілігін жасағанда баланың басын қоса тіліп жіберген": Ұлына ем іздеген алматылық әйел перзентханадағы дәрігерлерді кінәлайды
