Шымкенттік оқушы әлемнің жетекші 50 университетінен шақырту алған

Фото: Отырар
Шымкенттегі №65 мектеп-гимназиясының оқушы Серік Нұрым әлемнің жетекші 50 университетінен шақырту алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Серік Нұрым АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Испания және Гонконг университеттерінен шақырту алды.
Серік өзінің болашағын ақпараттық технологиялар саласынан көреді. Ол деректерді талдау, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік бағытына қызығады. Ол 50 университеттің ішінен Малайзиядағы Қытай университетін таңдаған.
"Мен әлемдік деңгейдегі IT маманы болуды және болашақ технологиялардың дамуына үлес қосуды армандаймын", – деді Серік.
Оның білімге құштарлығы, ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеруі және технологияға деген құштарлығы оған бірегей мүмкіндіктер ашты.
Сынып жетекшісі Анар Құлымбетова оқушының болашағы зор екеніне сенімді.
Еске салсақ, түркістандық түлек шетелдің 45 жоғары оқу орнынан шақырту алған еді.
"Халқының жалақысы 3 миллион теңге, күйзеліс дегенді білмейді": 3 айлық сәбиімен Англияға оқуға кеткен қазақстандық адам миын зерттеп жүр
Ұлпан: "Жалақысы аз, жүктемесі ауыр, Қазақстандағы дәрігерлерге жаным ашыды”
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық