Әуезов университетінің ректоры 28,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Әуезов университеті
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов ұсталды. Желіде М.Әуезов атындағы оқу орнының басшылық қызметтегі екі қызметкері мен екі компания басшысы қамауға алынғаны айтылды.
Экономикалық тергеу департаменті ректордың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ведомство басшысының айтуынша, тергеудің құпиялылығына байланысты ақпарат жария етілмейді. Істің мемлекеттік сатып алуға қатысты екені ғана белгілі.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде университет директорының әйелі оқуға түсу үшін талапкерлерден ақша алғаны айтылды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"