Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі психикалық орталықта тағы бір науқас зорланған: Полицейлер екі күдіктіні ұстады

Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығында науқастарға қатысты зорлық-зомбылық жасалды деген тағы бір жағдай анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: yandex.ru

Жаңа мәліметтер бойынша тағы бір науқас қыз мекеме қызметкерлері тарапынан зорлыққа ұшырағанын айтты. Бұған дейін 17 жастағы қыз дәл осындай шағым түсірген еді. Ол жүкті болып қалып, кейіннен аборт жасауға мәжбүр болған.

Полицияның мәліметінше, екі жағдай бойынша да қылмыстық іс қозғалған. Орталықтың екі қызметкері күдікті ретінде ұсталды.

"Қазіргі тергеу шараларының толық кешені жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда күдікті деп танылған екі адам сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", – деп мәлімдеді Шымкент полиция департаменті.

Айта кетейік, бұл жантүршігерлік оқиға қараша айында белгілі болған. 17 жастағы "шизофрения" диагнозы қойылған науқастың анасы екі ай психиатриялық орталықта емделгеннен кейін қызының кенеттен жүкті болып қалғанын айтты.

"Қызым санитарлардың оның дәрменсіз күйін пайдаланып, мазақ еткенін мойындады. Олар оны камерасы жоқ бөлмелерде төсектен байлап, күшті дәрі егіп, зорлаған", – деді анасы.

Медициналық мекеме өкілдері бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартты.



Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында психикалық орталықтың қызметкерлері науқас қызды зорлады деген күдікке ілінгенін жаздық. Екі науқас қыздың аналары орталық қызметкерлерінің қыздарын зорлағанын айтып, полицияға шағымданды. Бір ана қызының орталықта емделіп шығуын күткенін, бірақ жүкті болып келгенін айтты. Оның айтуынша, қызын камера жоқ бөлмелерге апарып, күшті дәрі егіп, зорлаған. Басқа ана да дәл осындай айып тақты. Науқастардың бірінің жүктілігі жасанды түсікпен аяқталды. Қыздардың аналары полиция арыздарын бастапқыда қабылдамай, кейін тергеу жұмыстарының созылып кеткеніне наразы. Құзырлы органдар "зорлау" бабымен қылмыстық іс қозғалып, сараптама жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Алайда санитарлардың әлі қызметтерінде жүргені қоғам наразылығын туғызды. 

Талқылау