Шымкенттегі қоғамдық дәретхана желідегілерді таңғалдырды
Астаналық журналист Асхат Ниязов парақшасында Шымкенттегі қоғамдық дәретхананы көрсетті. Желідегілер дәретхананың жаңашылдығына таңданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Ниязов Шымкентте жарты күн жүріп, кездейсоқ әдемі, заманауи қоғамдық дәретханаға тап болғанын хабарлады. Кірген кезде аудиосәлемдеме бар және нұсқаулық көрсетілген. Түймені басқаннан кейін Ниязов шынының мөлдір болмай қалатынын көрді.
Ол Қазақстанның басқа қалаларындағы осыған ұқсас мекемелерде мұндай дәретхана болмайтынын айта өтті.
"Шымкент таңғалдырудан жалықпайды. Мына раковинаға қараңыз! Сәнді! Жағымды иіс шығады, бәрі таза. Достар, не болып жатыр? Бұл не болды өзі?" – деп таңғалды Асхат Ниязов.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді