Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі ауруханада ер адам төбелес шығарып, полицейге шабуыл жасады

төбелес

Видеодан скриншот

Желіде Шымкенттегі ауруханада ер адам біреуді ұрып-соғып, полицейге шабуыл жасаған видеосы пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кадрда шабуылшының жәбірленушіні ұрып-соғып, агрессивті әрекет етіп, балағат сөздер айтқанын көруге болады. Полиция қызметкері оны тыныштандырмақ болған еді, ер адам тәртіп сақшысын итеріп тастады.

Шымкент қалалық ІІД бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Бір-бірін жақтырмаған: Теміртауда фельдшер қызды жұмыс орнында әріптесі ұрып тастады


Жетісу облысында фельдшер науқасқа атпен барған (видео)


Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы полиция басшылығының бақылауында.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облыстық ауруханасында науқас дәрігерге шабуыл жасағанын жазған едік. Науқастың шабуылынан есінен танып қалған Антон Кистанов кейіннен комаға түсіп қалды. Ауыр жарақат алған дәрігер санитарлық авиациямен Астанаға жедел медициналық жәрдем орталығына жеткізілді.

Дәрігерге шабуыл жасады деген күдікпен облыстың 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті алдағы екі ай қамауда отырады.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 12 Тамыз, 2025 11:08
Талқылау
`