Белгілі болғандай, практикалық емтихан тапсырып жатқан жүргізуші көлікті басқара алмай, аударып алған. Көлік тізгінінде қыз бала отырған.
Қалалық полиция жүргізушінің жауапқа тартылмайтынын айтты.
“Жабық аумақта болса және ешкім зардап шекпесе, оқу автодромындағы жол-көлік оқиғасы үшін емтихан тапсырушыға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылмайды”, – деп хабарлады полиция.
- "Жүргізуші куәлігі 250 мың теңгеге сатылып жатыр": Депутат жолдағы өлімді азайтатын бірқатар шаралар ұсынды
- Мас күйде көлік жүргізгені үшін сотталған астаналық судья айыппұлмен құтылып кетті
Бұған дейін Петропавлда жүргізуші куәлігінен айырылғандарға емін-еркін жүруге жағдай жасаған полиция командирі 6 жылға сотталған еді.
