Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жасөспірімді таяқпен ұрған күзетші 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкентте қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты жазда жасөспірімді соққыға жыққан фирмалардың бірінің күзетшісіне үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Соттың дерегінше, айыпталушы "G" атты ЖШС-да күзетші болып істеген. Ол 2024 жылдың 28 маусымында сағат 12:30 шамасында өзіне жүктелген күзет аумағын тексеріп жүріп, жасөспірімнің футбол алаңы қоршауынан асып түскенін көріп, оны ұстап алған. 

"Баланың кешірім сұрағанына қарамастан, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, резеңке таяқшасымен оның басы мен кеуде тұсынан бірнеше рет ұрып-соғып, денсаулығына зиян келтірген. Сотталушы кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады", – делінген сот хабарламасында.

И есімді азамат ҚК-нің 252-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, күзет саласында лауазымды қызмет атқару құқығынан 2 жыл мерзімге айырыла отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.



Еске салайық, бұған дейін желіде жасөспірімді "тәрбиелеймін" деп аяусыз ұрған шымкенттіктің видеосы таралғанын жазған едік. Күзетшіге немесе полицейге ұқсайтын ер адам жасөспірімді ұстап алып, ұрсып, ағашпен бірнеше рет ұрған. 

 

Талқылау