Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте төрт баласы бар ер адамды пәтерінен шығарып жібермек болған

Шымкентте төрт баланың әкесі пәтерінен шыға жаздадыФото: Жасанды интеллект

Шымкентте тұрғын төрт кәмелетке толмаған баласымен бірге сатып алу құқығымен жалдап отырған пәтерінен шыға жаздады. Бұған жалдау ақысы бойынша 2 миллион теңгеден астам қарыз себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жоғарғы соттың мәліметінше, іс материалдарына сәйкес, ер адам ипотекалық компаниямен (АҚ) 13 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған үш бөлмелі пәтерді сатып алу құқығымен жалға алу туралы келісімшарт жасаған. Алайда қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты келісім талаптарын орындай алмай, қарызға батқан.

Ипотекалық компания Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі сотына талап арыз түсіріп, қарызды өндіруді, жалдау келісімін бұзуды және жалға алушыны пәтерден шығаруды сұраған. Жауапкер қарыз барын мойындағанымен, пәтерден шығармауды сұрап, қарызды өтеуге мүмкіндік беруін өтінген. Алайда тараптар бітімге келе алмағандықтан, сот талапты қанағаттандырып, пәтерден шығаруға шешім шығарды.



Алайда апелляциялық сатыда тараптар келісімге келіп, медиация тәртібімен дауды бейбіт жолмен шешті. Шымкент қалалық соты бұл келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты.

“Келісімге сәйкес, ер адам салықтар бойынша берешегін өтеуге міндеттеліп, отбасымен бірге пәтерде тұруын жалғастырады. Пәтерді сатып алу құқығымен жалдау шарты екі тарап міндеттемелерін толық орындағанға дейін өз күшінде қалады”, – делінген хабарламада. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 15 Шілде, 2025 17:09