Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді

Шымкентте салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы

Шымкент қалалық №2 аурухана перзентханасында 41 жастағы ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз 6700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді.

"Бұл – елімізде сирек кездесетін жағдай. Ұл бала отбасындағы алтыншы перзент атанып отыр. Көп балалы ана бұған дейін төрт ұл, бір қыз дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отыр. Қазіргі таңда ананың да, баланың да жағдайлары жақсы. Ең таңғаларлығы – алып баланы анасы өзі босанып, ота да, күрделі араласу да қажет болмады”, – делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте жыл басынан бері 6719 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 3271 қыз бала, 3448 ұл бала бар.

Еске салсақ, осыған дейін Түркістан облысында 33 жастағы келіншек жеті қыздан кейін үшем босанғанын жазғанбыз.

Талқылау