Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Шымкентте QR код және Face ID-мен ашылатын дәретхана пайда болды

Фото: сюжет кадрларынан 

Шымкентте есігі QR-код немесе Face ID-мен ашылатын “ақылды" смарт дәретханалар пайда болды. Ол толығымен шыныдан жасалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 7-арнаның жаңалықтар бағдарламасына хабарлайды.

Бұл озық дәретханаларға вандализм жасалмас үшін оған кіру арнайы кодпен жасалған. Ақылды дәретханада адам ішке кірген кезде терезелер бірден қараңғыланып, арнайы түймені басқаннан кейін қайтадан мөлдір болады. Дәретханаларды пайдалану су тегін.

Мұнда әрдайым таза және дәретхана қағазының жеткілікті қоры бар. Ауа тазартқыш үнемі жұмыс істейді, жылы еденмен жабдықталған. Жазда кондиционер қосылып тұрады. Сенсормен жұмыс істейтін, суды үнемдейтін құрылғылар орнатылған. Қала университеттерінің бірінің инновациялық жобасы Еуро стандарттарына сәйкес келеді. Қазір қала бойынша олардың саны аз болғанымен 40 көшеге осындай дәретхана салу жоспарланып отыр.



“Мен бұл дәретханаға бірінші рет кірдім. Іші салқын, керемет. Барлық ыңғай бар”, “Балалары бар аналарға, әсіресе кішкентайларға өте ыңғайлы. Мысалы, мұнда екі баламен келіп, жаялық ауыстырдым. Өте ыңғайлы әрі қолжетімді. Мұндай нысандардың біздің қалада пайда болғанына қуаныштымын”, – деді тұрғындар. 

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 29 Сәуір, 2025 16:22
Талқылау