Шымкентте «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

Мемлекет басшысының “Таза Қазақстан” бастамасын іске асыру аясында Шымкент қаласының Алтынтөбе тұрғын алабында Наурыз мерекесіне орайластырылған Тазару күні аясында “Мөлдір бұлақ” экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
“Тазару күні” қоғамның табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, ортақ жауапкершілікті сезінудің белгісі. Акция барысында Бөржар Бастау бұлағының бастауы тазартылып, айналасы абаттандырылды, санитарлық тазалық жүргізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қоғам белсенділері мен еріктілер қатысты.
Айта кету керек, “Мөлдір бұлақ” акциясы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қаланың қоршаған ортасын жақсартуға және тұрғындарды ортақ іске жұмылдыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"