Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте әскери қызметкердің өлімі: Оның отбасына қысым көрсетілді деген ақпарат тексеріледі

Отбасына қысым көрсетіліп жатқаны тексеріледіФото: Марқұмның жақындары жіберген

6 қаңтарда Жамбыл облысындағы 6506 бөлімде әскерге шақырылған мерзімді әскери қызметкердің жүрегі тоқтап қайтыс болды. Осы оқиғаға байланысты оның отбасына қысым көрсетілді деген ақпарат тексерілетін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды 

Оқиғаның хронологиясын Ұлттық ұлан айтып берді. Әскери қызметші әскери бөлімге 9 желтоқсанда келген. Алғаш рет медициналық көмекке 17 желтоқсанда жүгінген.

"Осы сәттен бастап оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Талдаулар тағайындалып, тексерулер жүргізілді. Ол медициналық мамандардың бақылауында болды. 29 желтоқсанда денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызу қажеттілігі туындап, ол Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінің біріне жіберілді. Өкінішке қарай, 6 қаңтарда қабылданған барлық шаралар мен көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, дәрігерлер жүрек тоқтағанын тіркеді. Алдын ала диагноз – жедел лейкоз", – делінген ресми түсініктемеде.

Әскери-тергеу департаменті қылмыстық іс қозғады. Тергеу әскери прокуратураның бақылауында.



Ұлттық ұлан марқұмның отбасына қысым көрсетіліп жатыр деген қоғамда тараған мәлімдемелер расталмайтынын атап өтті.

"Сонымен қатар, бұл уәждер тергеу аясында міндетті түрде қосымша тексеріледі. Ұлттық ұлан тарапынан марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетілуде, жерлеу рәсіміне көмек көрсетілді. Басшылық өкілдері әскери қызметкердің ата-анасымен тұрақты байланыста болып, барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетуге дайын", – деп қосты Ұлттық ұлан өкілдері.

Еске салсақ, Жамбыл облысынан әскерге шақырылған мерзімді әскери қызметкер Данияр Амалбеков бір айға жетпей көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.

STAN.KZ
Жексенбі, 11 Қаңтар, 2026 08:06