Шымкентте ер азамат полиция бөлімінде қаза тапты
Ер адам бірнеше көлік ұрлады деген күдікпен тұтқындалған. Қазір 1990 жылы туған азаматтың қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шымкент қаласы полиция департаментінің ғимаратында қалада бірнеше қымбат көлікті ұрлады деген күдікпен тұтқындалған азаматтан жауап алынған. Алайда ол өзін нашар сезінгенін айтқан. Дем арада жедел жәрдем шақырылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
Өкінішке орай жедел жәрдем келгенше есінен танған азамат көз жұмды.
"Аталған дерек бойынша ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментіне және қалалық прокуратураға хабарланды. Қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесі хабарланады", - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген