Шымкентте көлік капотына шығып "тверк" билеген қыздардың видеосы елдің жағасын ұстатты
Әлеуметтік желілерде белгісіз қыздардың автокөліктің капотына шығып "тверк" билеген видеосы жылдам таралып кетті. Қоғам белсендісі Олжас Мамырдың айтуынша, бұл кадрлар Шымкент қаласындағы Бәйдібек би алаңында түсірілген. 

Белсенді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қыздардың билеу "қабілеттерін" барынша көрсетуге тырысқан бейнежазбасын жариялаған.
"Шымкент жастарынан бір би болсын. Ол биді билеп жатқан өзіміздің қара көз қарындастарымыз. Дәл осыларға не деуге болады?" – дейді Олжас Мамыр.
Оның айтуынша, екінші бейнежазбада орын алатын әрекеттер "dance battle"-да (би текетіресі) түсірілген, яғни Шымкентте жақында осындай шаралар басталған.
Шымкент полициясы әзірге бұл видеоға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. Департамент қазір тиісті тексерулер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?
Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге мөлшерінде болады
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"