Шымкентте қару асынған әскер бөлімнен кетіп қалған
Шымкент маңындағы әскери бөлімнен қару асынған жауынгер кетіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты қорғаныс министрлігі растады.
"Шымкент қаласына жақын жердегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінде келісім-шарт бойынша әскери қызметші кіші сержант А.Балғынбай рота бойынша кезекші ретінде ауысым кезекшісі құрамында болып, бөлімді өз еркімен тастап кеткен", -делінген ақпарттық хабарламада.
Сол уақытта қаруды сақтау бөлмесінде атыс қаруының белгілі бір санының жетіспеушілігі анықталыпты.
Құқық қорғау органдары мен әскери полиция күштері әскери қызметші мен жоғалған қаруды іздеу және ұстау бойынша барлық қажетті жедел-іздестіру, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізуде екен.
Аталған оқиға бойынша қарудың жоғалуы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді