Шымкентте кәріз шұңқырына құлап кеткен 6 жасар баланың өліміне байланысты әкім қызметінен кетті
Шымкентте кәріз суына құлап қаза тапқан 6 жасар бала өлімінен кейін бітқатар шенеунік қызметінен кетіп, сөгіс алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің мәліметінше, мәселе қазіргі қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қызметіне кіріспей тұрып болған. Осылайша бір жыл бойы беті ашық жатқан шұңқырды енді бір айда қалпына келтірмек.
"Аудан әкімін қызметтен босаттық. Ол үш жылдан бері Қаратау ауданын басқарып келген Рақымберді Мүлкеманов. Басқарма басшысына қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ осы салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары Қуаныш Асыловқа да сөгіс жарияланды", – дейді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкенттегі Тұран шағын ауданында 6 жасар бала ашық жатқан кәріз шұңқырына құлап, ажал құшқан еді. Қазір бұл іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"