Шымкентте қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері тұтқындалды
Шымкенттің қалалық №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері, танымал трансплантолог, бірінші санатты хирург Абылай Донбай тұтқындалды. Ол Қылмыстық кодекстің екі бабына сәйкес күдіктеліп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Абылай Донбай 18 қарашада тұтқындалған. Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігеріне Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, ол ұлтаралық қылмыстық топтың қатысушысы болуы мүмкін. Сонымен қатар адам ағзаларын заңсыз алды деп айыпталуда.
Тергеу Абылай Донбай бүйректі алу және орнату бойынша заңсыз оталар жасаған деп топшылап отыр. Ол Өзбекстан, Қырғызстан және Украина азаматтарының бүйрегін трансплантация жасап, сол үшін қомақты сыйақы алған деп күдіктелуде.
«2017 және 2018 жылдар аралығында Қазақстанда шетелдік азаматтар басқарып келген қылмыстық топ жұмыс істеген. Олар адамның дене мүшелерін заңсыз трансплатациялаумен айналысқан. Күдікті қылмыстық топтың әрекеті Қазақстанның заңдарына қайшы келетінін біле тұра үлкен ақшалай сыйақыға ота жасап келген», - деді ҚР ІІМ-нің тергеу департаментігінің басшысы Санжар Әділов.
Айтуынша, дәрігер Донбаймен бірге трансплантолог мамандар – қазақстандық Құттымұратов пен қырғызстандық Тайсалова ұсталған. Қазіргі таңда тексерістің бітуіне аз қалыпты, жақын арада іс сотқа жіберіледі.
Қазіргі уақытта клиникалық аурухананың бас дәрігері уақытша ұстау изоляторында отыр.
Тағы оқыңыз >>>