Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте хайуанаттар бағында түйеқұсты теуіп, жануарларды қорқытқан жасөспірім жазаланды

Фото: Видеодан скрин

Шымкентте хайуанаттар бағында қоршаудан асып түсіп, түйеқұстың тұмсығынан тепкен жасөспірім жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 25 мамыр күні кешке болған еді. Жасөспірім қауіпсіздік мақсатында қойылған қоршаудан асуға тыйым салынғанына қарамастан, ескертуге құлақ аспай, түйеқұс қоршалған аумаққа кіріп, оны аяғымен тепкен. Сондай-ақ ол басқа жануарлар жүрген аймаққа да барып, оларды әдейі қорқытқан.



"Құқық бұзушы анықталды. Ол кәмелетке толмаған жасөспірім болып шықты. Кәмелетке толмаған бала ата-анасымен бірге түсініктеме жазып берді. Қазақстан заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте хайуанаттар бағына келушілер қоршаудың шарбағынан асып түсіп, түйеқұстың тұмсығынан теуіп кеткенін хабарлаған едік. Хайуанаттар бағының әкімшілігі Instagram желісіндегі парақшасында ер адамның орынсыз әрекеті бейнеленген видеоны жариялаған. Оны 25 мамыр кешкі сағат 18:00 шамасында куәгерлер түсіріп алған.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 30 Мамыр, 2025 12:34
Талқылау