Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте граната жарылып, бірнеше курсант жарақат алды

Шымкентте оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, бірнеше курсант жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Бұл ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Шымкенттегі Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында полицейлер оқу-жаттығу өткізіп жатқаны, оның барысында "күтпеген жерден шулы граната лақтырғаны" туралы ақпарат пайда болған. Бес адамның жараланғаны хабарланған еді.

"Бұл факті жоспарлы оқу-жаттығу шаралары кезінде болған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Шымкент қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.


Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылды


Сонымен қатар екі курсанттың әлі ауруханада жатқаны белгілі болды.

"Қазір екі курсант медициналық мекемеде емделіп жатыр. Олардың жағдайы тұрақты", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда Ұлттық қауіпсіздік академиясының курсанты жоғары қабаттан құлап, қаза тапқанын жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 26 Қараша, 2024 18:58
Талқылау