Шымкентте дәрігерді балағаттаған науқас қамауға алынды
Шымкенттегі емханалардың бірінде науқас дәрігерді балағаттағаны үшін 5 тәулікке қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рixabay.com
Қалалық соттың мәліметінше, 5 қаңтар күні ер адам жанжал кезінде дәрігерге балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Айыпталушы сотта өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Ол жәбірленушіден кешірім сұрап, өзін қатаң жазаламауын сұрады.
“Сот жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып, оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады”, – делінген хабарламада.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін жолаушының Алматы әуежайының қызметкеріне шабуыл жасағаны туралы жазған едік.
"Еркектен сезіне алмаған қамқорлықты сезіндім": Қазақстандық әйелдер бостондық некеде қалай өмір сүріп жатыр
Алайда кейіпкеріміздің сөзінше, бостондық неке жақсы жағынан гөрі жаман тұсымен ерекше есінде қалған
“Қазақша сөйлейтін Диана ханшайым”: Желіде Англияда жүріп қазақ тілінде сөйлеген ару көпті тәнті етті
Лариса: “Ағылшын тілі деңгейім қазақ тіліне қарағанда төменірек”