Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бұзақылар смарт-дәретхананы бүлдірген: Алайда жоба координаторлар олардың өмірін бұзбайын деп арызын қайтып алды

Фото: Сюжет кадрларынан скрин

Шымкентте смарт-дәретханадағы фенді сындырған бұзақылардың кім екені анықталды. Алайда дәретхананы жасаған координаторлар бұзақылардың өміріне қиянат жасамаймыз деп арызды қайтарып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Отырар” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұзақыларды мобильді қосымшадағы телефон нөмірі арқылы табылды. 

Полицияның қоңырауынан кейін қаладағы 2004 жылғы екі жігіт өз еріктерімен келіп, кінәларын мойындаған. Олар өздері бұзған феннің ақысын өтеп, жөндететінін жеткізді. Олар видеоға кешірім сұрады. 

"Фенді жөндеуге тырыстық, ұрлау ниетіміз болған жоқ. Әкімдік пен жобаның координаторларынан кешірім сұраймыз. Жөндеуге, төлеуге дайынбыз", – деді жастардың бірі.



Жобаның координаторлары арызын қайтарып, жасөспірімдерге өмірін қиындатпауға шешім қабылдады.  

Еске салсақ, Шымкентте 50 миллион теңгеге орнатылған смарт-дәретхананы вандалдар бүлдіріп кеткені туралы хабарлаған едік. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 22 Қаңтар, 2026 17:04