Шымкентте тағы бір әйелді танысы пышақтап кетті: Күдіктіні ұстау үшін полиция қару қолданды

Шымкент қаласы тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті жәбірленушіге өзара жақтырмаушылық негізінде пышақ жарақаттарын салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шымкент қаласы тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті жәбірленушіге өзара жақтырмаушылық негізінде пышақ жарақаттарын салған.
Әйел адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабар берген.
"Құқық қорғау органдары күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ұстау барысында қарулы күдікті қарсылық көрсеткендіктен, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болған. Күдікті медициналық мекемеге жеткізіліп, қазір полицияның бақылауында", – делінген хабарламада.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
- "Адамдар 102-ге хабарласса да, ешкім келмеген”: Адвокат Шымкенттегі төбелестегі адам өлімі полицейлердің салғырттығынан болғанын айтты
-
Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтіріп, әжесін пышақтады деген күдікке ілінді
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында дәрігерді жұмыс орнында пышақтап кеткенін жазған едік. Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған ісін мойындаған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.