Шымкенттік науқас 35 күннен соң комадан шықты

31 жастағы ер адам мотоциклмен болған ауыр апатынан кейін өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін 35 күн бойы күресті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Науқасқа бірнеше күрделі операция жасалған.
“Науқас ұзақ уақыт бойы ауыр жағдайда жатты. Ол өмір мен өлімнің арасында жатты”, – деді мамандар.
Араға бір айдан астам уақыт өткен соң, науқас есін жиды. Қазір оның жағдайы біртіндеп тұрақталып келеді. Науқас өз бетінше тамақ іші бастаған.
“Науқас ауыр дәрежелі жабық және ашық бас ми жарақатын алған. Сондай-ақ миы шайқалған. Сонымен қатар сол жақ маңдай-бүйір-бүйіршік сүйектерінің сызықтық сынуы, бас сүйектің негізіне дейін созылғаны тіркелген. Оң жақ самай және сол жақ төбе-самай аймақтарында жедел эпидуралды гематома, сонымен қатар сол жақ маңдай және төбе аймақтарында, ми жартышарлары арасындағы саңылауда және мишық шатыры бойында жедел субдуралды гематома тіркелді”, – дейді дәрігерлер.
Шымкентте салмағы 650 грамм шала туған шақалақтың көзіне ота жасалды
Сонымен қатар науқаста кеуде қуысының жабық жарақаты, сол жақтағы I, II және III қабырғалардың ығысуынсыз сынуы, сол жақ бұғана сүйегі денесінің ығысумен жабық ұсақталған сынуы, өкпеден соққы алғаны және мидың ісінуі анықталды.
Дәрігерлер науқасқа бас сүйек трепанациясы жасалып, сол жақ бүйір аймақтағы өткір эпидуральді гематома алынғанын айтты.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды