Шымкентте асырап алған балаларын қорлаған “емшінің” әйелінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте балалар үйінен 6 баланы асырап алып, ит-мысықтың етін берген емшінің әйелі де жауапқа тартылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
“Кәмелетке толмаған балаларға тәрбие беру міндетін дұрыс атқармағаны үшін күдіктінің әйеліне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.
Ақмола облысында 14 жастағы қызының жүкті екенін жасырған әйел сотталды
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте ер адам асырап алған алты балаға ит етін жегізіп, ұрып-соғып, мал бақтырып келгені туралы жазған едік. Сотта күдікті Ұлықбек Смановтың қылмысы дәлелгенімен, психикалық ауытқуы бар екені анықталып, жазадан құтылып кетті. Сманов мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді.
Өзін “емшімін” деп таныстырған ер адам балаларды Шымкент, Алматы, Өскемен, Астана қалаларындағы балалар үйінен алып кеткен. Екі бала асырап алынды, қалғандары қамқоршылыққа алынды.