Шымкентте 6 жасар қыздың ішінен 1 келі шаш шықты
Шымкентте 6 жасар қыздың ішінен 1 келі шаш шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Түркістан облыстық балалар ауруханасы
Тәбеті нашарлаған қызды ауруханаға анасы апарған. Асқазанынан күмәнді затты анықтаған дәрігерлер бірден ота жасауға кіріскен. Операция нәтижесінде 6 жасар қыздың ішінен 1 келі шаш шыққан. Анасы қызының кішкентай кезінде тырнақ пен жерде жатқан заттарды көп жегенін айтады.
Науқас палатаға ауыстырылып, бір апта бойы ем қабылдады. Үйіне жіберілген жасөспірімнің қазіргі жағдайы жақсы дейді дәрігерлер.
-
Полиция 9 жастағы қыздың ішінен "жын шығарған" атыраулық емшіге қатысты тексеріс жүргізбек (видео)
-
Қазақстандық дәрігерлер науқастың ішінен 30 келілік қатерлі ісікті алып тастады
“Анасының айтуынша, баланың аурғанына 1 ай болған. Асқазан аймағындагы ауырсынуға және жалпы әлсіздікке, тәбетінің болмауына, құсуға, салмағының төмендеуіне шағымданады. Науқас ауруханаға жатқызылды. Бөлімшеде ота алды шаралар жүргізіліп, отаға алынды. Отаның ұзақтығы бір сағатқа созылды. Ота өте сәтті өтті! Жалпы мұндай жағдайлар баланың қараусыз қалғанын болады. Кішкентай балалар жерден тапқанын аузына салып, салдарынан ішке зиян заттар жиналады. Бұл жағдай баланың өмірі үшін қауіпті болғандықтан, ата аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеміз. Түркістан облыстық балалар ауруханасында хирургиялық көмектер тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында көрсетіледі”, – дейді облыстық балалар ауруханасының балалар хирургі Темірбеков Мұқағали.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістанда 7 жасар баланың ішінен бір уыс құрт табылғаны туралы жазған едік.