Шымкентте 18 жүк вагоны рельстен шығып кетті
11 мамырда Игілік-Бадам теміржол учаскесінің Игілік учаскесінде 18 вагон рельстен шығып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында көрсетілгендей, вагондар №2489 жүк пойызына тиесілі, "Шымкент-Арыс" бағытында, жалпы саны 57 вагон болған.
"Нәтижесінде 11 әуе электр желісінің тірегі зақымданып, теміржол жолы ішінара зақымданды. Көрсетілген станцияда вагондардың рельстен шығып кетуіне байланысты Алматы-Маңғыстау бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кешікті", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта пойыздар қозғалысында ешқандай өзгеріс жоқ.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 55 адамнан тұратын "ҚТЖ ҰК" АҚ күштері жұмылдырылған.
"Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, жеке құрамның 14 адамы мен 4 техникасы шықты", - деп хабарлады баспасөз қызметі.