Шымкенттік 18 жастағы студент ломбардты тапаншамен тонамақ болған адамды тоқтатты
Шымкенттегі Рысқұлов көшесінде орналасқан ломбардтардың біріне медициналық бетперде киген белгісіз адам кіріп, ломбард қызметкерлеріне қолындағы тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан. Артынша 100 мың теңге талап еткен. Күдіктіні ұстауға 18 жастағы студент көмектескен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 18 жастағы жасөспірім полиция келгенше қылмыскерді ұстап, қылмыстың алдын алған.
Тұран ауданының полиция қызметкерлері қылмыскерді ұстады. Аудандық полиция бөлімінің басшысы Нұржан Тлеуов студентті батылдығы үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.
- Атырауда сегізінші сынып оқушысы өрт шыққан көпқабатты үйдің есігін бұзып, үш адамды аман алып қалды
Еске салайық, бұған дейін Үндістанның Уттар-Прадеш штатында маймылдар алты жасар қызды зорлықтан аман алып қалғанын жаздық. Ер адам қызды қараусыз қалған үйге алдап апарып, зорлағысы келген. Алайда бір топ маймыл оған шабуылдады. Бала үй ішіне оны қаскөйден маймылдар құтқарғанын айтты. Ер адам алты жасар қызды “біреуге айтсаң, өлтіремін” деп қорқытқан.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды