Шымкент тұрғыны "Сәтті Жұлдыз" лотереясынан 584 миллион теңге ұтып алды

Шымкент тұрғыны TeleBingo лотереясында тарихтағы ең ірі СуперБинго иесі атанды. Ол 584 миллион теңгеден аса қаражат ұтып рекорд жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шымкент тұрғыны Қазақстан лотереялары тарихындағы ең үлкен ұтыс 584 040 441 теңгенің иегері атанды. Бұл рекорд "Сәтті Жұлдыз" TeleBingo лотереясында 2025 жылы 28 желтоқсанда орнатылды. Жеңімпаз сыйлықты Аяз ата костюмінде, маска мен қара көзілдірікте алды. Жеке бас қауіпсіздігін сақтау үшін ол бет-жүзін көрсетпей, шынайы атын жасырған.
"Осы соманы ұтқаныма өте қуаныштымын, тіпті күтпеген едім. Лотереяға шамамен 10 жылдан бері қатысып келемін. Бұған дейінгі ең үлкен жеңісім – 250 мың теңге", – деді Райымбек Сабитов (аты өзгертілген).
"Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясынан жеңісі туралы естігенде Райымбек алаяқтар деп ойлап, телефонды көтермей қойған.
"Қатты таңғалдым, не істерімді білмедім. Бірақ аккаунтыма кіріп, жеңісімнің рас екенін көріп, компания өкілдерімен өзім хабарластым", – деп түсіндірді ол.
Жеңісті тек анасына ғана айтқан Райымбек, алғашында 2 миллион теңге ұтқанын хабарлап, соңғы екі күнде соманы біртіндеп арттырған. Райымбек бала кезінен өзінің бизнесін ашуды армандағанын және аз қамтылған адамдарға көмектесетінін жеткізді. Сонымен қатар, ол лотереяларға қатысуды жалғастыра бермек. Өйткені олардың әділдігіне сенеді.
"Барлығы әділ екенін көрдім. Билеттер сатып алыңыз, үмітіңізді жоғалтпаңыз. Жеңіп, рахаттаныңыз", – деді ол.
"Сәтті Жұлдыздың" Ұлттық лотереясының ресми өкілі Шынболат Пазылдың айтуынша, SuperBingo сомасы 2020 жылдан бастап жиналып келген және шамамен 600 миллион теңгеге жеткен.
"Тиражға 150 мың TeleBingo билеті қатысқан. Оның бірі өз иесіне сәттілік әкеліп отыр. Сондай-ақ, 31 желтоқсанда "LOTO 6/49" лотереясында 54 миллион теңгелік джекпот Астана тұрғынына бұйырды", – деді Шынболат Пазыл.

Руслан есімді Астана тұрғыны LOTO 6/49 тиражына қатысып, 54 миллион теңге ұтыс алған. Жеңімпаздың жеке кәсібі бар екен. Ал билетті онлайн сатып алған.
"Лотереяға екі жылдан бері қатысамын. Көбіне LOTO 6/49 бен TeleBingo-ға қатысамын. Тиражды лотереяларға әр тираж сайын билет аламын. Енді ұтыстан түскен ақшаға бірінші кезекте көлік алуды жоспарлап отырмын", – дейді Руслан.
Өткен жылы тағы бірнеше қазақстандық қомақты ұтыстарымен ерекшеленді. Мәселен, 128 азамат 1 миллион теңгеден жоғары ұтысқа ие болған. Сонымен қатар Алматы қаласының тұрғыны LOTO 6/49 тиражында 289 775 700 теңге көлемінде Супержүлде жеңді.
Бұдан бөлек "Сәтті Жұлдызда" 16 пәтер, 14 автокөлік пен 26 миллиард теңгеден аса ақшалай жүлде табысталды. Қазақстандықтар енді жаңа кроссоверді ұтып алу мүмкіндігіне ие. Ол үшін "Кроссовер" ЛотоЖинағын, яғни 6 билет сатып алу қажет. Ұтысы 16 қаңтарда сағат 22:00-де VK және YouTube желілеріндегі "Сәтті Жұлдыз" арналары арқылы тікелей эфирде өтеді.
Еске салайық, 16 қаңтарда LOTO 6/49 тиражды лотереясында автокөліктің ұтысы өтеді.
жарнама құқығында
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді