Шымкент тұрғыны лотереядан 1 миллион теңге ұтып алды

Шымкент тұрғыны "Сенің сәттілігің" лезді лотереясына қатысып, 1 миллион теңге ұтып алды. Ер адам бастапқыда сенбепті, бірақ ұтысын ресми растаған соң қуанышында шек болмады дейді.
Асылжан көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді екен. Енді ұтысын өз қажетіне жұмсамақ.
“Лотереядан 1 миллион ұтқанымды айтқанда сенбедім. Кейін мені шақырып, ұтысымды ресми растаған соң қатты қуандым. Әзірге жеңісім жайлы тек ағама айттым. Ақшаны қажетіме жұмсаймын. Ал өзге қатысушыларға сәттілік серік болсын деп тілеймін”, – деді Асылжан.
Асылжан секілді "Сенің сәттілігің" лезді лотереясында 1 миллион теңге ұту үшін екі қарапайым шарт бар. Алдымен, Tele2/Altel байланыс операторынан 100 теңгеге бір күндік жазылымға жазылу керек. Осылай күнделікті қаржылай ұтыс жайлы хабарлама алып тұрасыз. Бұдан кейін *88# USSD-командасы арқылы керек билетті сатып алу қажет.
Толығырақ SZ.kz сайтынан біле аласыз.
Сонымен қатар Сәтті Жұлдыз “Жаңажылдық эстафета” мерекелік науқанын бастайды. Қатысу үшін тіркеліп, Player ID арқылы жеке кабинетке кіру қажет. Сосын 5/36 және LOTO 6/49 лотереяларына билет аласыз.
Акцияның талаптары қарапайым: билетке жұмсалған әр 100 теңге 1 ұпайға айналады. Жиналған ұпайлар қатысушының рейтингін көрсетеді. Рейтинг күн сайын жаңарады. Ал науқан қорытындысы бойынша ұпай санымен алғашқы ондықтағы қазақстандықтар анықталады. Егер қатысушылардың ұпай саны бірдей болып қалса, ерте билет сатып алған адам жеңіске жетеді.
Науқанның жүлде қоры да қуантады:
- 5/36 (2 кезең) - 9,5 миллион теңге, бас жүлдеге – 4 миллион теңге;
- LOTO 6/49 (3 кезең) - 11,6 миллион теңге, бас жүлдеге – 5 миллион теңге.
Науқан үш кезеңнен түрады, алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті. Сондықтан бақыт билетін сатып алуға асығыңыз!
Жарнама құқығында
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)