Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент пен Жамбыл облысында қылмыс деңгейі өскен – Бас прокурор

Бас прокурор Шымкент қаласы пен Жамбыл облысында қылмыс деңгейі өскенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: istockphoto.com

Бұл ақпаратты бас прокурор Берік Асылов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Оның мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы 3 айында елдегі қылмыс деңгейі 5,8% (құқық бұзушылық 35 320-дан 33 279 дейін) төмендеген.

Әсіресе бағыттар бойынша айтарлықтай төмендеу тіркеліпті:

- ұрлық 29,3%; 

- бұзақылық 32,6%; 

- мал ұрлығы 27,6%; 

- аса ауыр емес қылмыстар 11,9% төмендеген.

Ал аса ауыр қылмыстар саны екі есе азайған.


Қылмыстық сана да, жемқорлық та кеңес дәуірінен жалғасып келе жатыр – Мәжіліс депутаты


Алайда кейбір өңірлерде қылмыс деңгейінің өсуі байқалған:

- Шымкент қаласы 25,8%;

- Жамбыл облысы 21%;

- Ұлытау облысы 13,6%;

- Ақмола, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында орташа деңгейде өсім тіркелген.

“Бұл өңірлерде ведомствоаралық үйлестіруді күшейтіп, нақты бағытталған жұмысты жүргізу қажет. Прокуратура қылмыспен күресті үйлестіретін орган ретінде әрбір ведомствоның қол жеткізген нәтижесі үшін нақты жауапты болуын талап етеді”, – деп жазды бас прокурор.

Сондай-ақ бас прокурордың жазбасында ел көлемінде алаяқтық деректері 3,9% төмендеп, жалпы келтірілген залал 41,4 млрд теңге болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе аз (2024 ж – 93,7 млрд тг).

Еске салсақ, бұған дейін бас прокурор Берік Асылов мектеп бағдарламасына "Заң және тәртіп" атты жаңа пән енгізуді ұсынған еді.

Талқылау