Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент қаласының 34 жастағы тұрғыны оныншы баласын дүниеге әкелді

Шымкентте 34 жастағы Азиза Қалиева оныншы рет ана атанды. Салмағы 4900 грамм болатын батыр ұл 27 қарашада кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Азиза Қалиеваның отбасында оныншы сәби дүниеге келді. Зубаир есімді бала 38 аптада 4900 грамм салмақпен дүниегеесігін ашқан. 



"Жүктілік жақсы өтті. Қазір нәресте өзін жақсы сезінеді. Дәрігерлерге рақмет! Бәрі уақытында келіп, тексеріп тұрады. Бала күтімі жоғары деңгейде", – дейді Азиза Қалиева.

Бұл көпбалалы ананың он төртінші жүктілігі екен. Үйінде бес ұлы мен төрт қызы Азиза мен жаңа туған нәрестені асыға күтіп отыр. Дәрігерлер ана мен баланың жағдайын тұрақты деп бағалады. 

"Босанған әйелдің бұрын екі рет кесарь тілігі болғанын ескерсек, ота сәтті өтті. Бала салмағы 4940 грамм болып дүниеге келген. Қазір ол неонатологтардың бақылауында. Әйелдің жағдайы тұрақты", – деді акушер-гинеколог Жанна Омарова. 

Жыл басынан бері Шымкент қалалық перинаталдық орталығында 7517 сәби дүниеге келген. Оның 707-сі шала, 96-сы егіз, ал 13-і үшем.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте 39 жастағы Гүлбану Пірімқұлова салмағы 5 келіден асатын оныншы баласын табиғи жолмен дүниеге әкелген еді. 

Талқылау