"Шымкент әкімдігі 300 миллион теңге бөлген": Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты мәлімдеме жасады
Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова өнер өкілдеріне қатысты ақпаратты бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі Шымкент қаласында өтетін “Той-думан” фестивалінде тегін өнер көрсетпейтінін жеткізді.
“Той-думан” радиосының фестивалі өтеді екен. Шымкент 300 миллион теңге бөліпті. Әншілерге тегін қатысыңдар деп хабарласып тұр. Мен қарсымын. Көрермен әншіге келеді. Неге әншінің еңбекақысын төлемейсіздер?!”, – деп жазды эстрада жұлдызы.
-
"Қызметшіге еселеп жалақы төлеймін": Мөлдір Әуелбекова үй шаруасына араласпайтынын айтып, мақтанды
-
"21 жыл бұрын, 18 жасымда келдім": Мөлдір Әуелбекова алғаш Алматыға келген сәтін есіне алды
Одан кейін “Той-думан” радиосы әншіні жалған ақпарат таратып отыр деп айыптады.
“Әуелі 200-300 миллион теңге деген соманы дәлелдеуіңізді сұраймыз. Шымкент қаласы әкімдігі фестивалді алаң, өрт сөндірушілер, полиция, жедел жәрдем секілді қызметтерімен қамтамасыз етеді. Бірақ сіз атап отырған сома ешқашан болған емес. Бұл жазбаңызбен “Той-Думан” телерадиокорпорациясы мен Шымкент қаласы әкімдігіне қатысты жалған ақпарат таратып, халық арасында наразылық тудырып отырсыз. Әрі қарай сізбен біздің заңгерлер тілдеседі”, – деп жазды аталған радионың өкілі.
Stan.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігіне хабарласып, пікір сұрады.
“2025 жылдың 19 маусым күні Астана алаңында "Той думан" телерадиокорпорациясы отандық жұлдыздардың қатысуымен гала-концерт өткізуді жоспарлап отыр. Ұйымдастырушылар аталған іс-шараны Астана алаңында ұйымдастырып, өткізуге, сахна жабдықтарымен, сондай-ақ турникеттермен, қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етуді сұрады. Өз кезегінде әкімдік тарапынан аталған ұсыныстарға қолдау көрсетілетін болады. Ақша бөлінген жоқ”, – деді баспасөз қызметі.
Фото: Әншінің Threads парақшасынан алынды
Еске салайық, өнер иесі жазбасын көп ұзамай өшіріп тастады.

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
