Шымкентте ер адам туыстарының екі баласын бірнеше күн бойы зорлаған

Шымкентте ер адам кәмелетке толмаған екі баланы зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында Human Rights Lawyers қорына бір әйелдің шағымдағынын мәлімдеді. Әйел өзі перзентханада жатқан кезде туыстарының үйіне қалдырған тоғыз жастағы ұлының зәбір көргенін айтқан.
"Дәл осы күндері туыстарының бірі баланы қатарынан үш күн бойы зорлаған. Сондай-ақ кеше сол ер адам екінші әпкесінің ұлын да шамамен бес күн бойы зорлағаны белгілі болды", – деп жазды Рақышева.
Шығыс Қазақстанда 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адам 2 жылға сотталды
Полиция аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Полицияның мәліметінше, арызға сәйкес бұл оқиғалар 2021 жылы болған.
"Сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізілуде", – делінген полиция хабарламасында.
Полиция департаменті тергеу аясында куәгерлерден жауап алынып, тергеу іс-қимылдарының жалғасып жатқанын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда 13 жасар қызды зорлап, ВИЧ жұқтырған ер адам өмір бойына сотталғаны туралы жазған едік. Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева жасөспірім қызды зорлап, АИТВ жұқтырған ер адам ең ауыр жаза алғанын мәлімдеді.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды