Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда шенеуніктер 100 жасқа толған ардагерге көлік сыйлады

Фото: “Время”

Шығыс Қазақстанда шенеуніктер 100 жасқа толған ардагерге туған күніне көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұлы Отан соғысының ардагері Павел Стрехо ғасырлық мерейтойын атап өтті.

Павел Еремеевич 1943 жылы, 17 жасында, майданға шақырылған. Оның:

  • III дәрежелі Даңқ орденімен;
  • I дәрежелі Отан соғысы орденімен;
  • "Батырлығы үшін";
  • "Германияны жеңгені үшін";
  • "Кёнигсбергті алғаны үшін";
  • "Жапонияны жеңгені үшін" медальдарымен;
  • Жуков медалімен марапатталған.


23 ақпанда майдангердің үйінде туыстары, жақындары және әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері жиналды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нурымбет Сақтағанов ардагерге жаңа автокөліктің кілтін табыс етті.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 25 Ақпан, 2026 16:56