Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысындағы университетке 1,5 миллиард теңгенің мүлкі қайтарылды

Фото: ektu.kz

Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан бойынша департаменті мемлекет қатысатын үлесті заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Тексерістен кейін университетке "Алтай" технопаркінен заңсыз шығарылған үлесі қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2018-2020 жылдары Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің бұрынғы басшылығы "Технопарк "Алтай" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 78% мемлекеттік мажоритарлық үлесті заңсыз түрде жекеменшікке өткізген.

Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау аясында университетке жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын "Технопарк "Алтай" ЖШС-дегі 100% үлес, 8 мың шаршы метрлік ғимарат пен 1,3 га жер телімі қайтарылды.

Қайтарылған активтер зертханалық және оқу базаларын орналастыруға, сондай-ақ травматология, ортопедия және онкологиялық протездеуге арналған медициналық өнімдер шығаратын инновациялық кластерді дамытуға пайдаланылатын болады.

Активтерді қайтару жұмыстары жалғасады.


Алматыда "Арыстан" базарының бір бөлігін заңсыз салған: Енді сауда орындары сүріледі


Генерал-майор Алматының тау бөктеріндегі 840 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды


Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Абай атындағы университет ғимаратының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды. 1997 жылы Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет оқу корпусы ғимаратының бiр бөлiгiн 196 000 теңгеге заңсыз сатқан. Сол жылы 62 000 теңгеге 26 сотық жер телімі де заңсыз сатылған. Жоғары оқу орны ғимараты республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштері қатарына жатады. Ал жер учаскесінде қаланың ең ескі сәулет құрылыстарының бірі – "Ескі қақпа" орналасқан.

Айым Атамбаева
Жұма, 20 Маусым, 2025 10:50
Талқылау