Шығыс Қазақстан облысында пойыз жолаушысын зорламақ болған
Семей станциясында пойыздардың бірінде жолаушыны зорламақ болған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш дерек желілік полция бөлімінің сотқа дейінгі тергеу реестрінде тіркелді. Қазір Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 1-бөлімі және 24-бабы, 3-бөлімі бойынша тергеу басталған.
Бұл бабтар бойынша кінәлі деп танылған азамат бестен сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне жария етуге жатпайды", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, 2018 жылы "Тұлпар-Тальго" пойызында екі жолсеріктің жолаушыны зорлағаны белгілі болды. Сот оларға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"