Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында әкімдіктер 1,4 миллион теңгеге заңсыз келісімшарт жасаған

Бас прокуратура Шығыс Қазақстан облысында әкімдік қызметкерлері заңсыз 78 келісімшарт жасасқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Canva.com

Қадағалау органы әкімдіктердің "төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және жою үшін" тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бір көзден сатып алғанын анықтады. Алайда бұл уақытта аймақта төтенше жағдай жарияланбаған. Прокурорлар барлығы 1,4 миллиард теңгеге заңсыз жасалған 78 шартты анықтады.

"Атап айтқанда, әкімдіктер қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған жағдайларда тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен қар тазалау, әкімшілік ғимараттарды жөндеу, мұздан тазарту реагенттерін сатып алу бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алған, әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.

Қазірдің өзінде әкімдік қызметкерлері 14 миллион теңге айыппұл төлеген.



Еске салайық, бұған дейін Шымкент ауданаралық қылмыстық сотында шенеунікке қатысты қылмыстық іс қаралғанын жаздық. Шымкенттегі ауданаралық қылмыстық сотында М-ға қатысты аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы қызмет бабын пайдалана отырып ысырап ету (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) бойынша тергеу жүргізілді. 

Талқылау