Шығыс Қазақстан облысында 3 жасар бала той үстінде жаңғаққа қақалып мерт болды
Шығыс Қазақстан облысы Көктал ауылындағы тойдың соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. 3 жасар бала жаңғақты жұтып мерт болды.

Ақпаратқа ШҚО полиция департаментінде түсініктеме берілді. Ведомствоның мәліметінше, 11 қарашада Көктал ауылында 2018 жылы туған баланың өліміне қатысты Үржар аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
"Істің мән-жайын тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп хабарлады ШҚО ДП баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесі сәйкес департамент басқа ақпаратты жарияламады.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"