Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысы бұрынғы уақыт белдеуіне қайта орала ма: Аймақ басшысы жауап берді

уақыт белдеуіФото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен  брифингте өңір тұрғындарының қыс мезгілінде қараңғылық ерте түсуіне қатысты шағымдарына жауап берді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналистер өңірде уақыт белдеуін қайта қарау жоспарланып-жоспарланбайтынын, сондай-ақ бұл мәселеге байланысты қандай шаралар қарастырылып жатқанын сұрады.

Нұрымбет Сақтағанов өңір тұрғындары жаңа уақытпен бір жыл сегіз ай өмір сүріп жатқанын еске салды.

"Бұл мәселе тиісті мамандар мен ғалымдардың талдауы және ұсынымдары ескеріле отырып, мемлекеттік деңгейде қарастырылған. Қазір көптеген ұйымдар мен мекемелердің жұмыс кестесін қайта қарап шықтық. Таңғы 8-ден бастап жұмыс істейді. Әлемнің түрлі қалаларында да әртүрлі кестемен жұмыс істейді, бірақ ондай мәселелер ол жақта туындамайды. Менің ойымша, біз бұл мәселені қайта қарамаймыз", - деді өңір басшысы.


 

Айта кетейік, бұған дейін Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Ақордадағы отырыста уақыт белдеуін ауыстыру мүмкіндігі туралы сұраққа жауап беріп, уақытты тиімді пайдаланғанда ғана шешімнің оң әсерін көруге болатынын мәлімдеген еді. 

Рая Мінәп
Бейсенбі, 20 Қараша, 2025 12:47
Талқылау