Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шығын 59 миллион теңгеден асты": Павлодарда АҚШ-тың жарнамалық платформасы деп қаржы пирамидасын ұйымдастырған

қаржы пирамидасы

Видеодан скриншот

Павлодарда АҚШ-тағы жарнамалық қосымшалар платформасы ретінде көрсетілген "TAKORP" қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға қатысты сот үкімі шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"TAKORP" қаржы пирамидасы инновациялық жарнама технологияларына бағытталған АҚШ платформасы ретінде таныстырылған.

Жобаның қатысушыларына "OKX" криптобиржасы арқылы криптовалюта сатып алу арқылы тіркелу ұсынылған.

“Кемінде 5 жаңа салымшыны тарту керек деген. Бұл талап орындалған жағдайда "бақ дөңгелегіне" қатысуға және бағалы сыйлық ұтып алуға мүмкіндік берілді. Нәтижесінде 80-нен астам азамат уәдеге сеніп, 30-дан 500 долларға дейін инвестиция салған, кейбірі деңгейіне қарай 2 мың долларға дейін бонус аламыз деп үміттенген”, – делінген хабарламада.


"80 миллион теңгеден астам қаражат салынған": Алматыда "Matic Basket" қаржы пирамидасы қызметін тоқтатты


Қаржы пирамидасы бөліп төлеу арқылы үй алуды ұсынып 500-ден аса адамды сан соқтырды


200-ден аса қазақстандық Ansar Gold қаржы пирамидасына қаржы салып, алданып қалған


Қылмыстық жолмен алынған табыс 59 миллион теңгеден асты.

“Пирамиданы насихаттау мақсатында Zoom платформасы арқылы видеоконференциялар форматында жарнама жүргізілген. Бұл кездесулердің негізгі мақсаты салымшылардың материалдық жағдайын жақсарту деп көрсетілгенімен, шын мәнінде, жаңа қатысушыларды тарту басты назарда болған”, – деп мәлімдеді ҚМА.

Салымшылардың қаражатына күдіктілер Павлодар қаласынан пәтер сатып алып, төрт банк депозитін ашқан. Аталған мүлікке соттың санкциясымен тыйым салынды. Сот қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларды 1 жыл 6 айдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу мәселесі азаматтық іс жүргізу шеңберінде қаралады.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 31 Шілде, 2025 09:45
Талқылау
`