Шығын – 15 миллиард теңге: Қылмыстық топ Қазақстаннан вагон-вагон жанармайды заңсыз экспорттаған
Қазақстанда екі жыл Қырғызстанға бензин экспорттап келген қылмыстық топ әшкере болды. Іс жалған құжаттардың арқасында жүзеге асты. Банданың көлеңкелі айналымы 15 миллиард теңгеден асты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан скриншот
Қылмыстық топ жанармайды Қазақстанда еріткіштер мен дистилляттар түрімен сатып алған. Жедел қызметкерлер Түрксіб стансациясында сегіз вагон цистернасын ұстады. Ішінде "Кара Май Ойл" шағын зауытынан жеткізілген АИ-92 маркалы бензин болған. Тағы 500 тоннасы Қырғызстанға бара жатқан.
Екі жылда қылмыскерлер осы шағын мұнай өңдеу зауытынан 102 мың тонна жанар-жағармай экспорттап үлгерген. Қылмыстық кәсіп ұйымдастырды деген үш күдіктіге іздеу жарияланды.
“Соңғы екі жылда қылмыстық топтың көлеңкелі айналымы 15,5 миллиард теңгеден асты. Іс бойынша Попов Алексей Александрович, Ибрайымов Рақымжан Маматұлы, Сағындықов Серік Ерланұлына мемлекетаралық іздеу жарияланды. Олар қамауда ұстау шарасына ілікті”, – деді Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.