Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Шейхтар сиқты өмір сүреміз, бір әйелге 4 еркектен келеді”: Қатардағы қазақтар өмірлері туралы айтты

Қазір Қатар елінде мыңдаған қазақ өмір сүреді. Олар әртүрлі салада қызмет атқарады. Қатардаға қазақтар өздерінің өмірі туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Жалғыз жолаушы" youtube арнасна сілтеме жасап хабарлайды.


Видеодан скрин

Қатардағы қонақ үйлердің бірінде бас аспаз болып жұмыс істейтін отандасымыз Айгерім тіл білмей-ақ жұмысқа орналасқанын айтады.

”Қазақстаннан келген кезде тіл білген жоқпын. 2011 жылы келгенімді аспаздың көмекшісі болып жұмысқа кірдім. Көкніс аршып, аспасөзға көмектесетінмін. Алты айдың ішінде қызметім көтерілді. Давид Уенхам, Криштиану Роналду сияқты танымал адамдарға ас мәзірін дайындадық. Көбіне қазақстандықтар қысқа уақыт жұмыс істеп кетіп қалады. Сондықтан қазір Қазақстаннан адам аз алады”, – дейді Айгерім.

Ал Нұршат Қатарға жақсы өмір сүру үшін келгенін алға тартты. Ол шетелдікке тұрмысқа шығуға қарсы емеспін дейді. Сонмен қатар, отандасымыз қатарлықтар туралы да сөз қозғады.

“Қазақстанда халықтың көбі айлықтан айлыққа дейін өмір сүреді. Олай болғанын қаламағандықтан келдім. Бізді арабқұлдар деп атайды. Бірақ арабтар сияқты болып алыңыздар деп айтқым келеді. Тазалықты, имандылықты, адамдардың арасындағы қарым-қатынасты арабтардан үйренуге болады. Жасым қазір 30-ға келді. Бұрын ата-анам тек қана қазақ болсын дейтін, қазір мұсылман болса жеткілікті дейді. Сондықтан шетеллікке тұрмысқа шығу мүмкіндігі болса жоқ деп айтпаймын”, – дейді Нұршат.

Өзінің компаниясын ашқан Есқали есімді отандасымыз Қатарда салықтың болмауы кәсіп үшін үлкен мүмкіндік екенін айтады.

“Қатарда салық жоқ. Ешқандай бизнес салық төлемейді. Қазір Aroma marketing компания ашып жұмыс істеп жатырмыз. Арабтардың визітті картасы хош иістер. Сондықтан осы саланы таңдадық. Иістеріміз әртүрлі елдерден жеткізіледі”, – дейді Есқали

Ал Ақгүл қатарлықтарға тұрмысқа шыққан қазақ қыздарының бар екенін айтты.

"Қыздарға айтатыным, Қатарға келіңіздер. Күйеу іздеп жүрсеңіздер бір әйелге төрт еркектер. Шейхқа тұрмысқа шығуға бола ма деп сұрайды. Әрине бәрі мүмкін. Тағдыр ғой, кім біледі. Қатарға тұрмысқа шыққан қыздар көп. Бұл жерде жалақы жақсы. Ұшақ билеттерін, тамақтануыңызды қамтамассыз етіп береді, жататын жеріңіз бар. Бұл жаққа жұмыс келетін болсаңыз, өзіңізді сатуыңыз керек. Сондықтан бастапқыда жалақыны көп сұрау керек. Алайда қанша жылға келісім шартқа отырсаңыз, сонша жыл жұмыс істеуге міндеттісіз. Жалақылар 500 мың теңгеден басталады. Ал пилоттар тіпті 5 млн теңгеге дейін жалақы алады”, – дейді отандасымыз Ақгүл.

Ал Бану отбасымен Қатарда тұрып жатыр. Оның екі баласы мектепке, бір баласы балабақшаға барады. 

"Екі балам мектепте оқиды. Оқу ақысы 8200 доллар. Кітапты өздері береді. Бұл бағаға тамақ кірмейді. Тамақты үйден алып барады. Алайда бұл арзан мектептердің қатарына кіреді. Ең жақсысы ауыр сөмке тасымайды, сабақтарын мектепте орындайды. Балабақшалар таңғы 7-ден түскі 2-ге дейін. Ақысы 8500 доллар. Бұл бағаға тамақ кірмейді”, – дейді Бану.

Талқылау