“Шетелдіктер дауға қуанғанда өз қазағым мені қолдады” — Жәнібек Әлімханұлы
Фото: Спортшының жеке парақшасынан
Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында басында туындаған даулы оқиғадан кейін пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спортшы мансабында жақсы жанкүйерлер жинағанын олардың қолдауы медет болғанын атап өтті.
“Қолдап жатқан спортшы бауырларым мен жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын!Шетелдіктер дауға қуанып жатқанда, өз қазағым оларға қосылмай, жатқа жығып бермей, қасымнан табылып, таза екенімізге сенім білдіріп жатқаны жаныңа демеу болады екен!”, – деді Жәнібек Әлімханұлы.
Сонымен қатар ол өзінің ең бақытты боксшы екенін, қиынға кезең де шынайы қолдау білдіргендерге алғысын айтты.
“Менің бір қуанатыным, бокс манасабымда жаман жанкүйер жинамаппын! Мен қазаққа болысатын, қазақ үшін жаны ауратын, қазаққа жақтасатын жанкүйер жинаппын! Менің жанкүйерлерім тек көк туды желбіреткенде ғана қасымнан табылатын емес, қиындықта да қолдайтын жанкүйер екен! Бұл түсіне білгенге спортшы үшін үлкен бақ!”, – деді боксшы.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы жоспар бойынша WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуы керек еді. Алайда VADA сынамасында мельдоний табылғандықтан, жекпе-жек өтпей қалды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік

