Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баланы қамқор әрі дені сау етіп тәрбиелеуге арналған 6 кеңес

Көптеген ата-аналар технология дамыған сайын оның бала тәрбиесіне кері әсері көбейіп жатқанын естіген болар. Осы тұрғыда Гарвард университетінің психологтары баланы қалайша мейірімді, өзіне сенімді және денін сау етіп өсіруі керектігін айтып берді.

дети

Баламен бірге жиі уақыт өткізу

Бұл ең маңыздысы. Баламен тұрақты түрде бірге уақыт өткізу арқылы сіз оның жеке жұмысын, мәселесін біле аласыз. Бастысы оның мұқият тыңдай білу керек. Осылайша сіз оның жеке мүмкіндіктерін біліп қана қоймай, біреуге қалай көмектесу керектігін үйретесіз.

Балаңызға оны жақсы көретініңізді, сіз үшін маңызда адам екенін жиі айтып отырыңыз

Мамандардың зерттеуінше, балалар ата-аналары үшін ең жақын адамы екені, олар үшін өздерінің қаншалықты маңызды екенін білмейді. Сондықтан бұл сөздерді ауызша балаңыз айтып жүріңіз.

Проблемадан қашуға емес, керісінше оның шешу жолдарын үйретіңіз.

Мәселен, балаңыз футбол үйірмесіне ендігәрі қатыспайтынын айтса, одан нақты не себепті бұлай істегісі келгенін сұрағыз. Мәселенің мән-жайын анықтап көріңіз.

Баланы өзгеге көмектесуге және қайырымды болуға үйретіңіз

Зерттеу бойынша, үнемі алғыс айтып жүретін адамның кешірімді, мейірімді, өзгеге көмекке ұмтылып тұратындығы анықталдған. Сондықтан балаға күніне түрлі тапсырмалар беріп, оны орындағаны үшін алғыс айтып жүріңіз.

Негатиті ойларға берілмеуін қадағалаңыз

Баланың ашулануына, кек сақтауына, ұялуына жол бермеңіз. Мұның зиянын түсіндіріңіз. Негативті пікірлер  баланың психологиясына әсер етеді.

Балаға әлемнің ол ойлағандай емес үлкен екенін ұқтырыңыз

Көптеген бала өз ортасы, отбасы, достарынан әрі асып, ештеңені тани алмай жүреді. Балаға әлеуметтік, мәдени, тіпті географиялық тұрғыда өзге адамдарды тануына көмектесіңіз.

Жіберіп алмаңыз:

Бала тәрбиесіне қатысты психологтардың айтқан бірнеше кеңесі

Неліктен жапон балалары ата-анасының айтқанын тыңдап, ақылды болып өседі

Еврейлер балаларын білімді, ақылды өзіне сенімді болуы үшін қалай тәрбиелейді

Талқылау